19.10.2021, 11:00

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Фото: ашық дереккөзі
Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!», - делінген хабарламада.