$ 494.87  520.65  4.91

«Спортта қаламын»: Сәпиев министрліктен кетуі туралы пікір білдірді

Қызметте жүргенде көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын!

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Достар! Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Қызметте жүргенде көмектескен басшылар мен әріптестеріме алғыс айтамын! Спортта қаламын", - деді Серік Сәпиев Instagram-да.

Серік Сәпиев Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бастап басқарды. Бұған дейін оның жұмыстан босатылғанын министрлік растаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары