Жаңалықтар 20.10.2021 сағат 11:20

Қазақстанда ең қымбат нан қай қалада сатылады?

Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында нанның бағасы қатты өспеген. Бір жыл бұрын елде нанның орташа бағасы 11,6 процентке көтерілген болатын.
Қазақстанда ең қымбат нан қай қалада сатылады?
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Биыл нанның бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда нанның орташа бағасы 6,1 процентке көтерілді. "Қара" нан 9,9 процентке, ал ақ нан 7,8 процентке қымбаттаған. Бірінші сұрыптан жасалған нанның бағасы да 5,1 процентке өсті.

Талдау қорытындысына сәйкес, нанның бағасы барлық аймақта көтерілді. Әсіресе, Нұр-Сұлтанда 12,2 процентке қымбаттап отыр. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (+9,6%) мен Ақмола (+9,5%) облыстары.

Ал үш аймақта нанның бағасы қатты өспеген. Олар: Ақтөбе облысы (+1,2%), Шымкент қаласы (+2,6%) мен Маңғыстау облысы (+3%). Бір жыл бұрын республикада нанның орташа бағасы 11,6 процентке көтерілген болатын.

Айта кетері, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те нанның бағасы туралы айтқан.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы орта мерзімді перспективада баға өседі деп болжап отыр. Алайда үкімет әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұруға тырысады.

"Кейбір өңірде өнім төмен болып, фермерлердің шығыны көп болғанын ескерсек, бидайдың бағасы өсті. Бір жағынан осыған байланысты астық бағасының қымбаттауы біздің шаруалардың, астық егумен айналысатын кәсіпорындардың қаржы жағдайына оң ықпал етеді. Олар келесі жылға дайындалуы керек. Алдағы жылы көктемгі егіс жұмыстары үшін де қаражат қажет болады", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бүгінде бірінші сұрыптан жасалған қалыпты нан әлеуметтік нанға жатады. Оның бағасы мемлекет тарапынан реттеліп отырады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар