Алматыда қатігездік өлтірілген Аяжан Еділованың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Stan.kz.
Тергеу барысында алынған материалдар Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.
“Алматыдағы мамандандырыған қылмыстық істер жөніндегі сотына зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру бойынша Т.- ға қатысты қылмыстық іс түскенін хабарлаймын. Бұл іс жабық түрде өтеді, себебі бұл іс жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты болып тұр. Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі сотталушымен не алқабилердің қатысуымен немесе судьямен қаралатыны анықталады. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істі қарау күні туралы қосымша хабарлаймыз”, – дейді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Аяжан Еділова 19 наурызда үйіне қайтып оралмаған. Екі күннен кейін оның бөлшектенген денесі Алматыдағы көп қабатты пәтерлердің бірінен табылды. Полиция мәліметінше Аяжан Еділова 19 наурызда түнгі сағат 11-де қаза тапты. Еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 21 наурызда қызды Нұркент ықшам ауданына алып барған такси жүргізушісін анықтаған. Еріктілерден түскен ақпарат бойынша полицейлер қылмыс орнына барған. Кейінірек қыздың денесінің бөліктері мегаполистің әртүрлі аймақтарынан табылыпты. Оның туыстары кісі өлтірушінің қатігездігі туралы айтуда. Күдікті марқұмның басын қайнатып, тырнағы мен тістерін жұлып алған.
Алматы полициясы күдіктіні – Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.
Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.