Премьер-министр Асқар Мамин журналистің сұрағына жауап беруден бас тартып, қашып кетті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мәжіліс отырысынан шыққан Маминге «Үкімет пандемия сынағынан өтті ме? Үкіметтің отставкаға кететін уақыты келді деп ойламайсыз ба?» деп төтесінен сұрақ қойылды.
Министрлер кабинетінің басшысы сұрақтарды елемей, мәжіліс залынан үнсіз шығып кетті. Артынша мемлекеттік күзет қызметкері дәліздің есігін жауып, журналистерді одан әрі өткізбеді.
Мамин журналистердің үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұрақтарынан қашып кетті Orda.kz және Sputnik.kz журналистері Мамин бет бұрған лифтке өте алды. Журналистердің лифтке кіруіне МКҚ қызметкері және үкімет баспасөз қызметінің қызметкері Дариға Сәкенова кедергі жасады. Ол Sputnik.kz журналисін итеріп жіберді, ал Orda.kz журналисіне камераға түсіруге кедергі жасады.
Мамин журналистердің үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұрақтарынан қашып кетті Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен вице-премьер Ералы Тоғжанов лифтке кіргеннен кейін есік жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, журналистер 2020 жылдың наурыз айынан бастап алғаш рет бүгін мәжіліс отырысына оффлайн режимде қатысты.