Жаңалықтар 21.10.2021 сағат 04:06

Шығыс Қазақстанда бір үйдің төрт баласына иіс тиді

Улы газдан зардап шеккен төрт бала ауруханаға жеткізілді. Олар – 2000, 2002, 2006 және 2010 жылы туған.
Шығыс Қазақстанда бір үйдің төрт баласына иіс тиді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тамыз айында осы үйдің иесін пешті жылыту маусымына дайындау қажет екені туралы ескерткен. Шығыс Қазақстан облысында тазаланбаған түтін мұржасынан отбасы зардап шекті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Улы газдан зардап шеккен төрт бала ауруханаға жеткізілді. Олар – 2000, 2002, 2006 және 2010 жылы туған.

2006 жылы туған қыздың жағдайы ауыр. Қалғандарының жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 

"Таңғы сағат жетіде олар ауруханаға түскен. Ата-анасына медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тамыз айында осы үйдің иесін пешті жылыту маусымына дайындау қажет екені туралы ескерткен. Бірақ үй иесі өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған.

Зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері тұрғын үй-жайда көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеді. Аспап улы газдың бар екенін көрсетті.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар