$ 443.85  474.3  4.8

Мемлекет басшысы бірқатар ауыс-түйіс жасады

Бұл туралы "Ақорда" сайты хабарлады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақорда" сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша:

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары