$ 494.87  520.65  4.91

Елорданың бас еңбек инспекторы сотталды

Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылғы қаңтарда құрылыс монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру барысында «Хайвилл» компаниясының объектісінде болған жазатайым оқиғаға байланысты тексеру өткізілді.

«Тексеру қорытындысы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін кәсіпорындардың бірінің өкілінен 150 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары - Астана қаласы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Медетбековты қамауға алған болатын», делінген хабарламада.

2014 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Медетбековты пара алуға кінәлі деп тауып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары