Жаңалықтар 21.10.2021 сағат 13:20

Б. Сағынтаев қала тұрғындары коронавирустың қайта өршуіне жол бермеуге шақырды

Ол өз сөзінде шетелдердегі, соның ішінде дерттің кезекті өсуі тіркелген Ресейдегі жағдайға назар аударды.
Б. Сағынтаев қала тұрғындары коронавирустың қайта өршуіне жол бермеуге шақырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының таралу динамикасы туралы айтып, пандемияны тоқтатудың жалғыз әрі сенімді тәсілі вакциналану екенін еске салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісе түскенін хабарлады. Өткен тәулікте COVID-19-дың 312 жағдайы тіркелді, оның 303-і симптомды. Эпидемия басталғаннан бері 175 434 оқиға тіркелді, ал жыл басынан бері тіркелгені – 156 913 жағдай.

КВИ дертін жұқтыру базалық болжам бойынша тұрақтануда әрі төмендеуін жалғастыруда. Дерттің төмендеу қарқыны сақталса, онда айдың соңында жұқтыру деңгейі тәулігіне 300-ден кем болады деп болжануда.

Өткен аптада, алдыңғымен салыстырғанда, үй ошақтарында инфекция 4%-ға, сондай-ақ жұмыс орнында 0,9%-ға, туыстармен, көршілерімен және таныстарымен байланыс кезінде 0,6%-ға айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте – 4,8%-ға, сауда объектілерінде – 1,5%-ға жұқтырудың күрт өсуі байқалады.

Өткен аптада негізгі жұқтыру орындары сауда объектілері – 35%, қоғамдық көлік – 24%, отбасылардағы байланыстар – 20% және базарларда – 10%.

Инфекциялық стационарларда 1 255 адам, оның ішінде 31 бала бар. Жағдайы өте ауыр – 57 пациент, ауыр – 627, орташа ауыр – 571. РИТБ-де барлығы – 129 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 27 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ-де - 72, High flow-да-20 аппарат қолданыста.

Өткен тәулікте бірінші компонентпен 1 581 адам, екінші компонентпен 2 691 адам вакциналанды. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 19 қазанға дейінгі барлық кезеңде І компонентпен 981 759 адам, II компонентпен 906 264 адам вакциналанды.

Б. Сағынтаев шетелдердегі, соның ішінде дерттің кезекті өсуі тіркелген Ресейдегі жағдайға назар аударды. Сондықтан Алматы әкімі тұрғындарды КВИ пандемиясының өршуіне жол бермеуге, вакцина салдыруды кейінге қалдырмауға шақырды. Вакциналанған әр адам ахуалды тұрақтандыруға және шектеулерді жоюға айтарлықтай үлес қосатын болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар