Жаңалықтар 22.10.2021 сағат 01:03

Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атты

Өңірлік қолбасшылық қызметтік тергеу тағайындағаны атап өтіледі.
Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР Ұлттық ұланның №5516 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 21 қазанында, сағат 01.30 шамасында азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаз Оңғаров С.Б. постта тұрған кезде басына оқ тиіп, жарақаттанды. Әскери қызметкер шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың өлімі тіркелді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Өңірлік қолбасшылық қызметтік тергеу тағайындағаны атап өтіледі.

Қайғылы оқиғаның себептері мен салдары анықталуда.

Марқұм 20 жаста болған. Жігіт Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан әскери борышын өтеуге келген. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсауы ықтимал деген долбарға сенбейді.

Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның "Орталдық" Өңірлік қолбасшылығы марқұм сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар