Семейде Ертіс өзеніне ағып кеткен 1,5 жасар қыздың денесі іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оны анасы суға әдейі тастап жіберген деп жазады Tengrinews.kz. Полицейлер қазір "Кісі өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қалалық суда құтқару станциясы өкілдерінің айтуынша, оларға бүгін таңғы сағат 6 шамасында 1,5 жасар қыздың өзенге ағып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға түнгі сағат үште Мирный елдімекенінің маңында орын алыпты.
"1990 жылы туған әйел баласын қолына ұстап тұрған. Болжам бойынша, ол баланы өзенге өзі тастап жіберген. Құтқарушылар жағалаудың түгел шолып шыққанымен нәрестенің денесі табылған жоқ", - дейді станция өкілдері.
Баланың суға қалай құлап кеткенін қазір полиция анықтап жатыр. Дегенмен, ішкі істер органдары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғап үлгерген.