$ 444.32  473.33  4.76

Вице-премьер Желтоқсан оқиғасына қатысты депутат сауалына жауап берді

Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушылары атымен 111 объект ашылған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Депутат Қазыбек Иса Мәжілісте Үкіметке Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығын атап өту жөнінде депутаттық сауал жолдаған болатын. Бұл сауалға вице-премьер Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ералы Тоғжанов Желтоқсанның 35 жылдығына арналған бірнеше үкіметтік іс-шаралар өтетінін айтқан.

Мысалы, 19 қарашада Алматы қаласында белсенді желтоқсаншылардың, Парламент депутаттарының, тарихшылардың, сарапшылардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен "Желтоқсан — Тәуелсіздіктің бастауы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырмақшы.

Желтоқсан қаһармандарының ерлігін насихаттау мақсатында деректі фильм түсіріліп жатқанын еске салып өтті.

Студент жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне бокстан, Ербол Сыпатаевтың құрметіне қазақша күрестен турнир ұйымдастырылады,

— деді вице-премьер.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушылары атымен 111 объект ашылған. Жылдан-жылға Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын "ақтау" туралы анықтама алатындардың саны көбейген.

2020 жылы Алматы қаласында ақталған желтоқсандықтардың саны 400 адам болса, 2021 жылы 516 адамға жетті,

— деді вице-премьер.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушылары атымен 111 объект ашылған. Жылдан-жылға Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын "ақтау" туралы анықтама алатындардың саны көбейген.

2020 жылы Алматы қаласында ақталған желтоқсандықтардың саны 400 адам болса, 2021 жылы 516 адамға жетті,

— дейді Ералы Тоғжанов.

Ол сонымен қатар саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс жоспары аясында арнайы заң жобасын әзірлеу көзделгенін атап өтті. Осы заң жобасын әзірлеу барысында Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар мәселелері де талқыланады екен.

Cаяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде танылған азаматтарды әлеуметтік қолдау "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" заңда көрсетілген. Яғни ақталған азаматтардың қамауда болған әр айы үшiн біржолғы ақшалай өтемақы төлеу белгіленген,

— деді Үкімет басшысының орынбасары.

Ол жергілікті әкімдіктер бюджет мүмкіндіктеріне қарай Желтоқсан қатысушыларына Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын біржолғы материалдық көмек көрсетеді. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын табады деп айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары