$ 445.66  474.58  4.78

Әділ Ғалиахметов шорт-тректен Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды

Ол 1 500 метр қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен. 

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары