Қазақстандық танымал блогер Мейіржан Төребаев медицина қызметкерлеріне пранк жасағаны үшін жазалануы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вайнер Instagram-парақшасында дәрігерлерге пранк жасаған видеосын жариялаған. Видеода Төребаев екпе алуға келгенін және «Спутник V» вакцинасын салдырғанын айтады. Кейін видеоға «медбикелермен әзілдескісі келетінін» айтады. Осыдан кейін блогер сол қолының саусақтарын айқастырып қысады да, дәрігерлерден саусақтарына «не болғанын» сұрайды.
Бұған таңғалған дәрігерлер дереу көмекке келіп, Төребаевқа саусақтарын ашуға көмектеседі. Олар блогердің қолына массаж жасап, басқа да шара қолдануға кіріседі. Видео соңында блогер бұл әзіл екенін мойындайды.