Базар алдында жаңғақ сатып отырған әжейге дөрекілік танытқан тәртіп сақшыларына қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Қалалық полиция департаменті шенді қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Оқиға Әл-Фараби ауданының аумағында белгіленбеген орындарда жасалатын заңсыз сауда фактілерінің алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында болған.
Бейнежазбада көрсетілген Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін, аталған полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз, -деп жазылған Шымкент қалалық ПД берген түсініктемеде.
"Қырғы базары" алдында жаңғақ сатып отырған әжейге дөрекілік танытқан полицейлер туралы бұған дейін Express Qazaqstan хабарлаған. Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті көптің ашуын тудырды.