25.10.2021, 09:40

Түркіменбашы Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады (ВИДЕО)

Фото: inform.kz
Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Ашғабаттағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», - делінген жазбада.