Қазақстан үкіметі отставкаға кетуі керек. Бұл туралы Парламент отырысында сенаторлардың бірі айтты. Депуттатардың айтуынша, бұған басты себеп Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің азық-түлік бағасының өсуіне жол беріп алғандығы, деп хабарлайды Stan.kz.
Пандемия кезеңі басталғалы бір жарым жылдан кейін журналистерді алғаш рет Парламент ғимаратына кіргізді. Онда депутаттар үш жылға арналған елдің бюджетін талқылады. Сондықтан жиынға депутаттардан басқа министрлердің де толық құрамы қатысты. Шенеуніктерге сұрақты тек тілшілер ғана емес халық қалаулылары да қойды. Кейбір мәжілісшілер тіпті мемлекет ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін физикалық күш қолдануды талап етіп жатты.
"Біз өзгенің ақшасын – еліміздің әлі туылмаған ұрпақтарының ақшасын жеп жатырмыз. Сонымен қатар, осы жылы есеп комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша бюджет қаражатының триллион теңгегесі тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Құрметті аудиторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері! Келесі жолы мұндай әрекет үшін жәй ғана түрмеге қамап ғана қоймай, қолын кесу секілді бірнәрселер жасау қажет", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Депуттар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты да біраз тартысты. Оларға әсіресе жергілікті көкөніс, ет пен нан секілді өнімдердің бағасының тым өсіп кеткені түсініксіз. Шенеуніктер бұл мәселеге жаһандық инфляцияны кінәләді.
"Қазіргі уақытта бидай бағасының төмендеуіне байланысты өнімдер арзандайды деп үміттенудің қажеті жоқ, өйткені шикізат қымбат бағамен сатып алынып және содан қазір қымбат саналатын өнімдер жасалады", - дейді ҚР астық өңдеушілер одағының вице-президенті Таисия Колегова.
Астық өңдеушілер одағы болашаққа болжам жасауға әлі дайын емес секілді. Олардың орнына жағдайды түсіндірген Ауыл шаруашылығы министрлігі нанның бағасы алдағы уақытта да қымбаттай беретінін жеткізді.