$ 449.58  486.94  4.86

Зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз қалай алуға болады?

Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті, деп жазады Stan.kz.

Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.

Бұл ретте қандай қызметтерді алуға болады:

- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;

- қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;

- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).

Мысалы, өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне келіп, Қор маманына eGovMobile мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады. 

Ескере кететін жайт, егер жүгінген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильді қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер бекітілген соң салымшылар (алушылар) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы/зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы/инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініштер берген кезде  цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі пайда болады.

Осылайша БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға  ыңғайлы болу және олардың уақыттарын үнемдеу үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары