25.10.2021, 16:20

Шымкентте жаңғақ сатқан әжеге дөрекілік танытқан полицейлер жазаланды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Полицейлер тарапынан әдеп кодексінің нормаларын бұзу анықталған.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы базарда түсірілген видео тараған болатын. Онда полиция қызметкерлері базарға жаңғақ сатуға келген әженің телефонын тартып алып, дөрекелік танытқан. Желідегі шудан соң полицейлердің ісі тәртіптік кеңесте қаралып, олар жауапқа тартылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешіміне сәйкес, полиция қызметкері Жұлдызбек Мүлкібаевтың өз қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде және тағы бір полицей Дәуіт Тұрмағанбетовке ескерту жарияланды. Өйткені, аталған қызметкер тарапынан әдеп кодексінің нормаларын бұзу анықталған, - дейді Тәртіптік комиссияның төрағасы Алмас Әмзеев.