$ 448.89  477.93  4.76

Батыс Қазақстанда болған жол апатынан адамдар өртеніп кетті

Апаттың куәгері, өз өмірін қатерге тігіп, екі адамды құтқарып қалды
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

24 қазанда Орал-Атырау тас жолында Lada Vesta және Lada Priora көліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі аман қалды. Белгілі болғандай, ауыр халде ауруханаға жеткізілген Lada Vesta жүргізушісі мен жолаушысын жолда өтіп бара жатқан жүргізуші аман алып қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

39 жастағы Нұрхат Жұбатов Атырауға қарай келе жатқан. Оқиға кезінде екі бірдей көлік өртеніп кеткен. Бұл туралы толық ақпаратты Нұрхан Жұбатовтың көршісі Асхат айтып берді.

"Нұрхат апаттың куәгері болып, адамдарды құтқарды. Оның өзі бұл әрекетімен ешқашан мақтанбайды. Бірақ бұл ерлік және бұл оқиғаны халық білуі керек деп есептеймін", - деп түсіндірді Асхат.

Нұрхат оқиғаға қатысты өзі де пікір білдірді. Ол адамдарды қалай аман алып қалғаны туралы айтып берді. 

"Мен Оралдан Атырауға жұмысқа шықтым. Ақсуат ауылынан жақындағанда артымнан келе жатқан Lada Vesta жарығын жандырып, өшірді. Мен тоқтадым, көлігі бұзіліп, габариттері жанбай қалған шығар деп ойладым. Тексеріп едім, барлығы орнында екен. Сосын көлік мені озып кетті. Ақсуатқа жақындағанда мен көліктердің жанып жатқанын көрдім. Мен сол жерге жетіп, дереу өртті сөндіруге кірістім. Вестаны сөндіре бастадым. Бұл сәтте Приора да өртеніп жатқан. Өрт сөніп қалды, мен жүргізуші жағынан есікті ашпақ болдым, бірақ аша алмадым, мен жолаушы жағынан жақындадым. Онда бір әйел отырған. Жүргізуші де, жолаушы да ауыр жарақат алып, орындық пен панельдің арасында қалып қойды. Біраз уақыттан кейін мен жолаушы есігін ашу үшін, жәбірленушіні шығарып, оны көліктің артына алып бардым. Жүргізушінің белбеуі байланып қалыпты, оны шешіп, жолаушыны шығарып алдым. Мен оларға зиян келтірмеуге тырыстым. Артынша көлік өртеніп кетті. Мен қайтып келіп, бала қалып қоймады ма деп тексердім. Бақытымызға орай көлікте басқа ешкім болған жоқ", - дейді Нұрхат.

Нұрхат жүргізуші көліктен өз бетінше аунап кете алғанын, ал әйелді көтеріп, алысқа апарғанын, содан кейін ол дәрігерлер мен полицияны шақырғанын айтады.

"Осы кезде басқа жүргізушілер келді, бірақ біз "Приор" ішінде болғандарға көмектесе алмадық. Көлік қатты жанып кетті. Мен айқай мен басқа дыбыстарды естіген жоқпын", - дейді Нұрхат.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция екі көлік те газ жабдығымен жабдықталғанын айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары