26.10.2021, 11:40

Оқушы мектепте газ шашқан

Фото: ашық дереккөз
4 оқушы мен мектеп тазалаушы әйел зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Зардап шеккендер бар. Оқиға туралы жедел басқару орталығына хабарлама сағат 17:30 шамасында түскен. Бұл туралы Алматы қалалық ПД мәлімдеді.

М.Әуезов ауданына қарасты жалпы білім беретін мектептердің бірінде 6 сынып оқушысы қоңырау кезінде бұрышты баллон шашқан. 4 оқушы мен мектеп тазалаушы әйел зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейін ішкі істер басқармасы тиісті сараптама жасайды.