$ 494.87  520.65  4.91

Тойда ұлттық киіммен арақ құйғандар жұрттың наразылығын тудырды

Бұл көрініс көптің ашуын келтіріп, ызасына тиді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Тойда қазақ көйлекпен арақ құйып тұрғандар халықтың ашуын келтірді. Желі қолданушылары ұлттық киімді қорлады деп айыптап жатыр. Мұны бірі намыссыздыққа баласа, бірі ақша табудың жолы деп көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Той үстіндегі тарту. Қазақы дәстүрді аяққа таптаған тағы бір әдет қалыптасты. Бұл көрініс көптің ашуын келтіріп, ызасына тиді. 

“Қымыз немесе шұбат құйып жүрсе түсінер едім. Ұлттық киімді бүйтіп қорлауға болмайды. Ұят! Ұят! Ұят!”, – деп жазды Серік Абас-шах. 

Продюсер жүктеген видеода той үстінде ұлттық киім киген қыздың сусын, шарап, өзге дәмдерді ұсынып тұрғанын байқауға болады. Той қонақтары оның жанына келіп, өзі қалаған дәмнен ауыз тиеді.

Желі қолданушылары мұны ұлттық киімді қорлау деп намыстанды. Той қонақтарының намыссыздығын айтып талқыға салды. Енді бірі ақша жасаудың жеңіл әрі арсыз жолы деп дөп басты. 

“Әбден аздық. Азып болдық. Мынау соның шегі шығар! Ағайын-ау қой десеңдерші”, “Намыссыз ақшадан өлген бәлелер екен, акша табу үшін арын сатқанмен бірдей ғой енді”, “Ұлттық киіммен қымыз, шұбат сапырып, бауырсақ ұсынып тұрмайсың ба?!”, ”Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды деген осы ғой”, “Масқара, ойларына келгеніңн істейтін болды ғой, құдай сана бермеген соң қиын екен ғой”, “Той ұйымдастырушыларды жазалау керек, не деген сұмдық мынау”, “Мына қыз өзінің не істеп тұрғанын өзі біле ме?”, – деп жазды олар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары