Б. Сағынтаев алматылықтардың көгалдандыруға қатысуы қаланың жасыл қорына ұқыпты қарауға шақырды. Сондай-ақ ол қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында көшеттерді тегін тарату акциясы өткізілетінін айтты. Бұл туралы ол Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Көшеттерді тегін тарату акциясы қала тұрғындарын көппәтерлі үйлердің аулалары мен жалпы пайдалану орындарын көгалдандыруға тарту мақсатында өткізіледі. Шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін көшеттері беріледі. Өтінімдер ағымдағы жылдың 18-31 қазан аралығында қабылданады. Көшеттерді беру аудан әкімдіктерінде жүзеге асырылады. Алматылықтар «Жасыл қала» акциясының алғашқы екі күнінде 500 көшетке өтінім қалдырды.
Ағаш отырғызу 1-15 қарашаға жоспарланған. Отырғызылған көшеттер кейін фотоесеп ретінде жіберілуі қажет.
Жалпы, 2021 жылы 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда, оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күзгі кезеңде 285 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланған.
Қаланың жаңа шағын аудандарын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылады.
Бүгінде Түрксіб ауданының Маяк шағын ауданында 280 түп жапырақты ағаш отырғызылды. ШААЖ және Қарағайлы бордың бойына 8 мыңнан астам ағаш отырғызудың дайындығы басталды.