Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева Алматы облысы Пенжім ауылында болған оқиға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол кеше күндізгі уақытта Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының жергілікті мектебінде екі жоғары сынып түлектерінің арасында келіспеушілік туындап, оқушылар арасында төбелеске ұласқанын айтып өтті.
“Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп аумағында болған топтық төбелес салдарынан аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияның және арандатушылардың әсерінен бірнеше жеке үйлер мен көліктердің әйнектерін сындырған”, – деді ол.
Бекбаеваның ауыл тұрғындары арасында, этносаралық негізде қандай да бір жанжалдың, әсіресе қақтығыстардың жоқ екендігін және оған жол берілмейтіндігін ерекше атап өтті. “Жергілікті тұрғындар - қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрып келеді, бір бірінің достары мен көршілері болып табылады, олардың барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы М.Батырбеков және "Қоғамдық келісім" КММ директоры қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Олармен бірге ақсақалдар, жигит-беши, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді”, – деді Ассамблеяның ресми өкілі.
Қазіргі уақытта Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты көрінеді.
Еске сала кетсек, кеше Алматы облысындағы Пенжім ауылында мектеп оқушыларының жаппай төбелесі орын алды. Полицияның мәліметінше, мектеп ауласына 30-ға жуық адам жиналып, жанжал шығарған. Бір жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.