$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев Nur Otan партиясына жүгінген қала тұрғындарын қабылдады

Қала тұрғындарының сауалдары коммуналдық шаруашылыққа, қоғамдық көлікке, абаттандыру және әлеуметтік қолдауға қатысты болды.

Алматы әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы онлайн-форматта қоғамдық қабылдауға жүгінген алматылықтардың сауалдарына жауап берді.

Қала тұрғындарының сауалдары коммуналдық шаруашылыққа, қоғамдық көлікке, абаттандыру және әлеуметтік қолдауға қатысты болды.

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Ан-Ниса» қоғамдық бірлестігіне қолдау көрсетілетін болады. Басшы С. Башированың айтуынша, 4-12 жас аралығындағы 90-нан астам көрмейтін және нашар көретін балалар кешенді даму бағдарламасынан тегін өтеді. Жобаны жалғастыру үшін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс көзделетін болады.

«Дом-Арай» ТК-ның төрайымы Г. Сарнацкаяның өтініші бойынша Алатау шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйді орталық жылуға қосу мәселесін шешу тапсырылды.

Қарасу және Самғау шағын аудандары тұрғындарының жол төсемін қалпына келтіру және электр қуатын берудегі іркілістерді жою мәселелері жөніндегі сауалдары бойынша шешім қабылдау үшін әкімдіктің жауапты қызметкерлері сол жерлерге барып, комиссиялық тексерулер жүргізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары