$ 498.34  519.72  4.85

«Бес жыл болды!»: Түркістанда жарығы да, суы да жоқ ауыл халқы мұңын шақты (ВИДЕО)

130-дан астам түтіні бар елдімекен тұрғындары мәселелерін айтып, әкімідіктің есігін қағып шаршағандарын жасырмайды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Әйтеке би ауылының не жарықсыз, не сусыз, не газсыз, не жолсыз отырғанына, міне бес жыл. Жергілікті тұрғындары атқамінерлер өздерін ұмытты деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қараша халықтың айтуынша, сығырайған жарық, шаңы шыққан жол, армандарына айналған газ және құрттап кеткен ауыз су 5 жылдан бері бас ауруларына айналған. Тіпті, ішуге жарамсыз тіршілік нәрінің өзін тоннасына 4000 теңгеге сатып алады, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасының жаңалықтары.

"Міне құрттап кеткен су ішіп жатырмыз. Бұл 5-6 күн тұрып қалады. Бір ай тұрады. Кейін ішінен майда-майда құрттар шығады. Соны біз ішіп жатырмыз. Бала-шаға ішіп жатыр. Қазір мынандай ковид кезде осындай нәрселер қатты жүріп жатыр. Ауру қай жақтан шығады? Осыдан шығады".

130-дан астам түтіні бар елдімекен тұрғындары мәселелерін айтып, әкімідіктің есігін қағып шаршағандарын жасырмайды. Ақырында ақ жағалылардан қайран болмағандықтан, өздері әупірем деп жүріп жарықтың сымын тартып күнелтуге мәжбүр. Оның өзінде сығырайып тұр. Ал, сымдары жерде жатыр.
АЙНҰР ТОҚҚҰЛОВА, ӘЙТЕКЕ БИ АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

"Жол деген батпақ. Жаңбырда бала-шаға сабаққа бара алмайды. Жарты жодан құлап батпаққа батып, қайтып үйге жылап келіп жатқан уақыттары да болады. Сондай өмір бізде. Жедел жәрдем көлігі жете алмайды? Жедел жәрдем көлігі анааау трасса бойында қап кетеді. Сөйтіп өздері батпақ болып жаяу келеді, алдынан күтіп аламыз".

Инфрақұрылым мәселесінен әбден қажып кеткен тұрғындар кездесуге келген шенеуніктерге бірден бас салды. Қандай жағдайда өмір сүріп жатқандарын көрсету үшін үйлеріне сүйреп апаруға дейін таратынбады.

- 50 мың теңге деді әр столбыға.
- Құрмаймыз біз бұлай, ақша жоқ өйтіп беретін. Неғып маған айқайлап жатырсыз?

- Айқайлаймын. Неге айқайламаймын. Өйткенде де осылай басын алып қашқан. Жүр ана құдықтан су іш. Жүр құдықтан су ішкізейін. Құрылысшы сіз ғой. Осы жерде істейтін сіз ғой. Жүр, су ішіп көр. Кешкісін бала-шағаның киімі үтіктелмеген мектепке барады албастыдай болып. Сіз өткенде, болмаса көшіп кет деп айтқан.

Ал, халықпен кездесуге келіп сұрақтарына жауап берген аудан әкімнің орынбасарына қонақжай тұрғындар өздері ішіп отырған құрттап кеткен судан ұсынды. Шөлдеп қалған шенеунік бір кесесін сіміріп алды.

"Арықтың суы. Біз бұны сатып аламыз 4000 теңгеге. Қандай су екен, ағай? Тәтті жақсы. Сіздер фильтровнный су ішесіздер".

Бірақ аудан әкімінің орынбасары қандай жұмыстарды қолға алатынын және қанша уақытта мәселені шешіп беретінін нақты айта алмады. Тек келесі жылдың бюджетіне енгізуге тырысамыз деп құтылды.

ШУХРАТУЛЛА УБАЙДУЛАЕВ, САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір жылдың соңына дейін екі ай қалды жылдың соңына дейін. Ол бәрібір болмайды. Жылдың соңына дейін екі ай қалды. Келесі жылдың бюджетіне ұсынамыз. Осы желтоқсан айында келесі жылдың бюджеті бекітіледі, сол кезде ұсынамыз. Сіз болашақты айтып отырсыз. Осы уақытқа дейін не істедіңіздер? Ізденіс жұмыстарына қаулы шыққан, дайындалған бірақ жер егесімен келісім сөздері жүргізіліп жатыр. Ол бас тартып жатыр жерді қайтарудан.

Ал, тұрғындар жауаптылардың айтқан сөзіне сенбей отыр. Себебі, 5 жылдан бері үміт үздік деп қынжылады. "Әкімдер сайлауы мен алдағы халыққа есеп беру жиынында қай бетімен кездесуге келер екен" деп ашынып отыр әйтекебиліктер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары