$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болды

Оқ атуға ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп делініп отыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болды. Алты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суық қарудан оқ ату Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған. «Кеше, 30 қазан күні сағат 19.30-да «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331-шақырымында Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Зардап шеккендер бар. Олар Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқ атуға ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп делініп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда токқа түскен 10 жасар бала көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс #жастар