Әлеуметтік желіде жұмақ пен тозақ турасында уағыз айтып жатқан ойын баласының видеосы тарады. Ол кішкентай iнiciне "о дүние" туралы айтып жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Facebook-те пайда болған видео желі қолданушыларын тiксiнтiп тастады. Онда жас бала кiшкентай iнiсiне "о дүниеде" жұмақ пен тозақ бар екенін, өтiрiк сөйлесе жазаланатын айтып жатыр. Ол "Жұмақ жақсы емес пе", — дейдi. Жасы онға да толмаған баланың бұл әрекеті желiде қызу талқыланып жатыр.
"Мына балалардың болашағын ойлаудың өзі қорқынышты", "Бала-бала болып өсуi керек, дiнмен миларын уламау керек", "Күнәнiң не екенін қайдан бiлсiн, обал-ақ", "Ағасы ақылды, iнici де ұйып тыңдап отыр",
— деп түрлі пікір қалдырған.
Видеоның елiмiздiң қай өңiрiнде түсiрiлгенi белгіciз.