$ 448.56  478.03  4.79

«Күнә iстесең, тозақта шiрисiң». Уағыз айтқан бозбала желіде қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Жасы онға да толмаған баланың бұл әрекеті желiде қызу талқыланып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жұмақ пен тозақ турасында уағыз айтып жатқан ойын баласының видеосы тарады. Ол кішкентай iнiciне "о дүние" туралы айтып жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook-те пайда болған видео желі қолданушыларын тiксiнтiп тастады. Онда жас бала кiшкентай iнiсiне "о дүниеде" жұмақ пен тозақ бар екенін, өтiрiк сөйлесе жазаланатын айтып жатыр. Ол "Жұмақ жақсы емес пе", — дейдi. Жасы онға да толмаған баланың бұл әрекеті желiде қызу талқыланып жатыр.

"Мына балалардың болашағын ойлаудың өзі қорқынышты", "Бала-бала болып өсуi керек, дiнмен миларын уламау керек", "Күнәнiң не екенін қайдан бiлсiн, обал-ақ", "Ағасы ақылды, iнici де ұйып тыңдап отыр",

— деп түрлі пікір қалдырған.

Видеоның елiмiздiң қай өңiрiнде түсiрiлгенi белгіciз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары