$ 494.87  520.65  4.91

«Мәдениет министрі кім өзі? Тірі ме?»: заңгер «Qos.Like» бағдарламасын сынға алды (ВИДЕО)

Камиша Есмұхамбетқызы бұған тоқтау салатын бір адамның табылмағанына ашынады.
Фото: instagram/QosLike
Фото: instagram/QosLike

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, заңгер Камиша Есмұхамбетқызы Qos.Like бағдарламасын сынға алған. Ол "сорақы" бағдарламаның елді сауатсыздыққа шақырып жатқанын айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қамиша Есмұхамбетқызының Qos.Like бағдарламасын жабу туралы жазбасы, қызу талқыға түсті. Желі қолданушысы аталған бағдарламаның елді сауатсыздыққа шақыратынын айтады.

Сондай-ақ ол бағдарламаның "Хеллоуинге" арналған шығарылымының суреттерін де салыпты. "Мерекеге" сай киініп келгендер заңгердің ашуын тудырған.

"Мәдениет министрі кім өзі? Тірі ме? Мәдениетпен бірге ұлттық болмысымызды өлтірді ме? Мына сорақы Қослайық бағдарламасы қашан өшеді? Не мынау? Қандай өнеге? Сондай керемет бағдарлама екен. Үкіметті қорқытып, инфарктпен өлтіріп тастамайды ма? Мәдениетімізді дамытудың орнына, тірідей көміп, теледидарды үндінің итімен, битімен толтырып, енді өз ұрпағымыздың былшылды өмірімен елдің бәрін сауатсыздыққа шақыруда." деп жазыпты ол.

Камиша Есмұхамбетқызы бұған тоқтау салатын бір адамның табылмағанына ашынады.

"Теле арнадағы #қослайк, #бірболайық бағдарламалары жабылсын!!! Өз үйінде кетін ашса да шаруам жоқ. Қалың халықтың алдында албасты мерекені насихаттауға кім жол берді?",— дейді желі қолданушысы.

Камиша Есмұхамбетқызының жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі "Телеарнаны қосудан қалдық. Қарай қояйын десең, жүйкең тозып, өшіре саламыз" десе, енді бірі "Осыдан кейін қалай ұлттық болмысты дамытуға болады?", "Қаншама қаражат бөлініп жатыр осыларға. Ал балапандарымызлы емдеуге үшін қаражат жоқ" деп жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары