$ 443.85  474.3  4.8

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады.

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Қазгидромет.

1 қарашада фронтальды бөліктердің ықпалына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, тек еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде күн райы ашық болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының батысында түнде көктайғақ болады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай облыстарының батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады, таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары