$ 444.32  473.33  4.76

Нұр-Сұлтанда автобус трактормен соқтығысты

Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда арнайы техника жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан үш жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

CTS қалалық көлік компаниясы мәліметінше, оқиға сағат 13.30-да Тәшенова көшесі мен Республика даңғылы қиылысында болған.

"Арнайы техникамен (трактор) №2 автобус соқтығысқан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді компанияның баспасөз қызметі өілдері.

Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жолданатыны айтылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары