02.11.2021, 00:52

Түркістанда 17 жастағы қызды 17 адам жабылып зорлаған: Жәбірленуші оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Фото: ашық дереккөз
4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы Санавар ешқашан ұмытпайтынын айтады.

17 жастағы қызды 17 адам жабылып зорлағаны туралы ақпарат желіде резонанс туғызған еді. Жәбір көрген жасөспірім оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Істі Түркістан облысының бас полицейі өз бақылауына алды.

Жәбірленуші Дильноздың айтуынша, сол күні сыныптас қыздарымен базарға киім көруге шығыпты. Қайтар жолда танысы үйіңе жеткізіп салам деп көлігіне мінгізіп алған. Айтуынша, танысы оған ішетін су ұсынған. Қыз әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көреді.   

“Бірінші судың алдында зорлады. Кейін бір үйге апарды, үйде зорлады, балаларды шақырды сол жақта да, кейін бақшаға апарды. Сол жақтан кейін тағы бір үйге келдік. Звондап шақырады да мені беріп жібереді. Звондайды да шақырады. Мені береді, ол адам кетеді, басқасы келедіү Олар келіп мені көреді, жұмысын бітіреді де тағы кетеді. Тағын сөйтіп шақыра береді балаларды”, – дейді жәбірленуші Дильноз.

Төрт күннің ішінде кемі 17 еркек келді дейді Дильноз. Бәрінінің түрін ранып, атын жаттап үлгеріпті. Жас қызды қорлағандар қарсылық танытқанына қарамаса керек. Қатты қорқытты дейді қыз.

“Кетсең өлтіріп суға тастап кетеміз деді. Ешкім таппайды сені деді. Іздеп те  таба алмайды деді. Қорықтым”, – дейді ол.     

4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы Санавар ешқашан ұмытпайтынын айтады. Соқталдай жігіттер оны мүлдем аямаған дейді ол. Матап байлағаннан білегі көгеріп, көйлегінің дал-дұлы шыққан көрінеді. Бұл сұмдық мамыр айында болғанмен әлі күдіктілер бостандықта жүр деп ашынады қыздың анасы. Істі созбалаңға салуға полиция өкілдерінің бір қатысы бар ма деп те қауіптенетінін айтады.     

Санавардың айтуынша, әу баста кешірім сұрап қайта-қайта келгендер   моралдық шығын ретінде 8 млн теңге ұсынған. Оны жасырмаймын дейді.  Бірақ "қызыңның болашағын ойла, оқуға түсіріп, куәлігін алып береміз" дегендер кешірім алғасын уәдеде тұрмағанын айтады. Жәбірленушінің  қорғаушысы іс қысқармағанмен тым созылып кетті дейді. Сондай-ақ, басында-ақ сараптама дұрыс жасалмағанын айтады. 

“Бірінші сараптамамен келіспей, біз қосымша сараптамаға деп арыз жазып қойдық. Енді келешекте қосымша басқа сарапталармен келіспеген жағдайда және қосымша сараптама тағайындауға жазатын шығармыз. Алайда біз әлі сараптамалармен толық танысқан жоқпыз, толығымен. Олар әлі сараптама жүргізіп жатыр. Сондықтан біз әлі танысқан жоқпыз. Ал полиция алғашқыда бұл істі "адам ұрлау" бабымен тіркегенмен, қазір "зорлау" бабымен қайта тергеп жатыр”, – дейді адвокат Асылбек Қабылов.

“Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Жәбірленуші тарап бүгін де полицияның қабылдауында болды”, – дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Адвокаттың айтуынша, күдіктілермен  беттескен.  Ал негізгі айғақ - қыздың киімдері қазір жоқ. Оларды анасы өртеп жіберген. Себебі, қыз өзіне бір емес алты рет қол салмақшы болған көрінеді.  

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын.