Синоптиктердің болжамынша, 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Одан бөлек, екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.
3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Артынша, суық солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы едәуір төмендеуі мүмкін.
Мәселен, солтүстік-батыста түнде 5...15 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 градусқа дейін, оңтүстікте 3...13 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 градусқа дейін аяз күтіледі. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.