02.11.2021, 10:40

Кальмар құпиясы: Жасырын деректер (ФОТО)

Неліктен дәл «456» адам? Неге 500 яки 450 емес?

Netflix небәрі 21, 4 млн. долларға түсірген «Кальмар ойыны» арқылы жұмсаған сомасын 40 есе етіп қайтарып алды. Оған қоса, АҚШ стримингтік платформасында үздік 10 фильм тізімін бастап тұр. Азиялық киноиндустрия үшін бұл үлкен жетістік.

Қанды телехикаяның сіз бен біз мән бере қоймаған жұмбақтары жайлы сөз қозғасақ. Айта кетейік, Хван Дон Хёк бұл туындысын 12 жыл бойы сүрлеп,     сүбелі дүниені халыққа ұсынды. Режиссердің қанжығасын майлаған сериалдың  жарыққа шыққанына біраз болса да, оның айналасында сын-пікір мен қызу әңгіме таусылған жоқ.

Неліктен дәл «456» адам? Неге 500 яки 450 емес?

Себебі, нумерологияда бұл санның өзіндік мәні бар. 456 нөміріндегі жасырын хабарлама ақша саласына қатысты екен. Төрт — бақытқа жетудің оңай жолын іздеу. Ал бестік өз кезегінде ескертуді білдіреді. Жалғанда тек ләззат пен ермек қуалаған — артынша бармақ тістеп қалары анық. Адам қолмен жасағанын мойнымен көтеру керек.

4 пен 5 тің комбинациясы жақын арада өміріңізді түбегейлі өзгертетін үлкен мүмкіндік туралы сыр шертеді. Һәм өткен қателіктерден сабақ алып, табысты болуға кедергі келтіретін күмән мен күдіктен біржола арылыңыз. Сонда ғана бәрі ойдағыдай болады.

Бес пен алты: тез арада отбасын құру яки некені сақтап қалуды міндеттейді. Айналаңызға көз жүгіртсеңіз, фәниге келуіңізді ақтап алар құнды әрі маңызды ештеңенің қалмағанын түсінесіз.

Міне, басты кейіпкердің тағдыры дәл осылай көрсетілген. Жұмыссыз ұл, қайыршы әке және отбасын асырай алмайтын бейбақ жар. Сон Ки Хун есімінің мағынасы «қамал» және «рух».

001…

Нумерология тұрғысынан бірлік — жаңа жолды, табандылықты, көшбасшылықты, ерік-жігерді, рухты білдіреді. Ол әрқашан өсіп, өркендеу, дамумен байланысты. Қамқор жанның ішінде бірден бірнеше қарама-қайшылықтар жасырылады: жақсылық пен жамандық, жомарттық пен сараңдық, кішіпейілділік пен құмарлық. Кейбір қасиеттердің екіншісін басып тастауы сыртқы факторлардың әсерінен, кейде адамның саналы таңдауымен жүреді.

Әйгілі қарттың дәлме-дәл бейнесі: ор қазатын ойынның ұйымдастырушысы, бақсыз байлықтың иесі. О Иль Нам корей тілінен аударғанда «бірінші нөмірлі адам» дегенді білдіреді.

Киім үлгісі қалай таңдалған?

Кездейсоқ ештеңе жоқ. Жағымды контраст жасау үшін сарбаздар қызғылт, ал бақ сынаушылар изумрудты киім киген. Бояу дөңгелегінде бұлар қарама-қарсы орналасқан, яғни олар бір-бірін толықтырады және тамаша үйлеседі.

Екінші теорияға кезек берсек… Егер күлгін (жүйе), көгілдір (адам) және сарыны (ақша) негізгі реңдер етіп алып, адам мен ақшаны араластырсақ, жеңіске жету үшін бәрін жасауға дайын қатысушылардың спорттық костюм түсі шығады. Яғни, жасыл. Жүйе мен ақша күзетшілердің киіміне қызыл өң  береді.

«Қағаз үй»: сәйкестік пе?

Геометрия мен психология

Үшбұрыштар — жігерлі, қайратты тұлғалар. Олар үшін көпшіліктің назарында болу, үнемі біреуден жоғары тұру маңызды.

Жүйкесі темірдей мықты төртбұрыштар салқынқандылығымен мақтана алады. Табиғатынан ережеге бағынышты консерваторлар.

Жанжалдан аулақ.   Нақты ұстанымы жоқ әрі үнемі тікелей сұрақтардан қашуға тырысатындар — шеңберлер.

Тарих сыйлаған шабыт

Түсірілім тобы декорация жасау кезінде әлемдік танымал фильмдер мен  көп мән берген. Мысалы,  кемпірқосақ баспалдақ  — «Төмен түсу мен көтерілу» (Өсу және төмендеу) деп аталатын Мауриц Эшердің литографиясы. Бірде кеудеден жеңіс итеріп, бірде жеңіліс аяқтан шалып, таусылмайтын шексіздік. Өмірдің алма-кезек екенін көрсетеді.

Мунктың «Айқайы»

Мунк күнделігіне осы көркем дүниені жасауға «көгілдір-қара фьорд пен қан қызыл аспан» шабыттандырды деп жазған. Сірә, суретші 1883 жылы Кракатоа жанартауының атқылауынан кейін бүкіл әлемде кең таралған  күннің «қорқынышты» батуы мен тарихтағы ең қатты шыққан шуды салған болар.

Басқа дерекке сүйенсек, кескіндеме сюжетіне Мунк үйінің дәл психиатриялық аурухана қасында орналасқандығы әсер еткен. Сойылғалы жатқан мал мен емханадағы науқастардың айқайы ел-жұрттың мазасын алып, түн ұйқысын қашырған.

Қылқалам шебері 1889 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде тамашалаған Перуден келген мумия — «Айқай» картинасында көрсетілген ерекше жыныссыз тіршілік иесінің прототипі болуы мүмін. Ол эмбрионның қалпын қабылдағандай, аузын кеңге жайып, екі қолымен жағын ұстаған. Ал, ежелгі адамдар үшін мәйітті құрғатып қатыру — мәңгілік өмірдің кепілі болды.

Өлім — сыйлық

Табыт неліктен тарту секілді жасалған? Қараңғылықтан үмітсіздік пен құпия желі есетіндей, ал қызғылт — тұрақтылыққа ұмтылу. Екеуінің үйлесімділігінен керемет эстетика, жарқын эмоция және қорқыныш сезіледі.

Режиссер мен сценаристтің айтуынша, тіршілікті Құдай берсе, турнирді өткізушінің сыйы — өлім… Менеджерлерден бөлек, BLACKPINK K-pop қыздар тобының стилін қайталау.

Локация

Чемпионат алаңы танымал «Труманның шоуы» фильміне сілтеме сияқты. Оқиға желісі: бала күнінен реалиден оқшауланып, жасырын камераға толы локация ішінде өмір сүрген жігіттің ішкі толғанысы мен көңіл-күйі. Тағдырының барлық иірімдерін сценарий авторлары жазып берген. Таныс достары, жақындары, тіпті жұбайы — жәй ғана өз рөлдерін сомдап, ақша тауып жүрген  актерлер. Әрбір басқан қадамы миллиондаған көрермендерге тікелей эфирде көрсетіледі. Жалғанда әділетсіздік пен мазаққа жалғыз өзі қарсы тұрмақ.

Сценарийді алмастырған күнделік

Модель үшін Netflix жобасы алғашқы актерлік қадам болды. «Се Бэктің басынан кешкеннің бәрін қағазға түсіріп, күнделік бастағам.  Сол себепті кейіпкерім шынайы шықты. Қолымызда сценарий болған жоқ. Көрерменге келесі тур қалай қызық болса, біздер үшін де жұмбақ күйі қалып отырды», — деп мойындады актриса сұхбатында.

Танымалдылыққа ие болған соң, Париж және Италия модельдік агенттіктерінен ұсыныстар түсе бастады. Louis Vuitton дизайнері Николас Гескьердің телехикаяны сүйіп көретіндігі Чон Хо Ёнды қатты таң қалдырған. Бар күш-жігерін салып, еңбектену арқылы ғана адам үлкен шыңдарды бағындыра алатынын түсінген бойжеткен жанкүйерлерінен оның жаңа жобаларын қолдауды сұрады. Себебі атышулы Кальмардың 2 маусымында Кан Сэ Бек қайта оралуы мүмкін деген теория бар.

Сон Ки Хун ешқашан шашын бояған емес

Сериалдың соңында Ли Джон Джэнің кейіпкері үйіне оралып, шашын ашық қызыл түске бояйды.

Бұл шешімнің себептері туралы актер: «Бұл жайлы директормен сөйлескенім есімде. Қызыл шаш ешқашан Ки Хун жасындағы адамға жараспайды. Менің ойымша, бұл оның белгілі бір шеңберден шыққанын көрсетеді». Актер артынша былай деп қосты: «Мен шашымды боятқан жоқпын, жай ғана парик кидім».

Инстаграм әлемдегі ең танымал сайт. Соған ұқсас модель жасау — PR менеджерлерінің ұтымды әрекеті. Бір жағынан жақсылыққа ырымдаған болар.

Ғаламтор желісін шулатқан сериал ұжымына шығармашылық табыс, ал көрерменге тамаша көңіл-күй тілейміз.

Тегтер: кино құпиясы