$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері елге қайтқан қандастардың басым бөлігі (76,3%) Өзбекстаннан келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Жыл басынан бері елге қайтқан қандастардың басым бөлігі (76,3%) Өзбекстаннан келген.

9,5% — Қытайдан, 6,1% — Түрікменстаннан, 2,5% — Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%),Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды, - деп жазды министрлік.

Биыл 1 қарашадағы жағдайы бойынша, этникалық қоныс аударушылардың 55 пайызы еңбекке қабілетті , 28,1 пайызы мектеп жасындағылар және 16,8 пайызы зейнеткерлер.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1 пайызы жоғары білімді, 40,1 пайызы орта кәсіби білімді, 45,5 пайызы жалпы орта білімді және 3,4 пайызында білімі жоқ.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары