$ 446.49  475.38  4.79

Бокстан әлем чемпионаты: Махмуд Сабырхан бразилиялық қарсыласын сүріндірді

Төрешілер шешімімен Махмуд жартылай финалға шықты.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық Махмуд Сабырхан жекпе-жегін өткізді. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 51 келі салмақта бразилиялық Майкл Тринидадпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек барысында Махмуд алғашқы екі раундта қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдығы байқалды. 

Төрешілер шешімімен Махмуд жартылай финалға шықты. 

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Бүгін қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әуесқой бокс