Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жекпе-жегін өткізді. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сәкен Бибосынов 51 келіде ширек финалда колумбиялық Юберхен Мартинеспен кездесті.
Бірінші раундта төрешілер бірауыздан Сәкеннің жеңісін мойындады. Екінші раундта үш төреші қазақстандыққа, екеуі қарсыласына сенім артты.
Жалпы нәтиже бойынша Сәкен қарсыласынан басым түсті. Осылайша ел құрамасынан жартылай финалға берілген төртінші жолдаманы қоржынға салды.
Бұған дейін ел құрамасынан ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал бүгінгі күндізгі сессияда Саматәли Төлтаев (60 келі) Софьян Умиаға жол берді. Сондай-ақ, Нұрқанат Райыс (75 келі) Сальваторе Каваллароға жол берді. Енді кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.