03.11.2021, 12:00

COP26 саммиті: 2030 жылға дейін орман кесуге тыйым салынады

Бұған COP26 климат саммитіне қатысқан 100-ден астам мемлекет басшылары келісім берді.

2030 жылға дейін орман ағаштарын кесу тоқтатылады. Бұған COP26 климат саммитіне қатысқан 100-ден астам мемлекет басшылары келісім берді. Келісім қатарында әлемдегі ең ірі Амазонка орманының басым бөлігін иелейтін Бразилия да бар. 

Көптеген елдер қол қойған бұл келісімді жүзеге асыру үшін 19,2 млрд АҚШ доллары көлемінде қарсы қарастырылған. Бұл мемлекеттік және жекелік қолдауға жұмсалатын қаржы есебіне жатады. Климат дағдарысынан алаңдап келген сарапшылар аталған келісімді аса жоғары бағалады. Бірақ, әлі де болсын алаңдайтын мәселе көп, айталық 2014 жылы келісілген «Орман ағаштарын кесуді азайту» келісімі көптеген елдер жағынан атқарусыз қалып қойды.

Соған қарап бұл келісімнің қаншалықты деңгейде атқарыларын болжап айту қиын. Климат дағдарысының алдын алуда орман-тоғайды, жасыл жамылғыларды қорғау бойынша шаралар ең маңызды. Себебі, адамзат өндірістік іс-қимылынан шыққан CO2 газын осы өсімдіктер сіміріп, атмосфераның ластануын жеңілдетеді. Егер Жер шарының жылынуы, Озон қабатының тесілуі, СО2 газының көп мөлшерде бөлінуі секілді жаһандық дағдарыстың алдын алатын күрделі қадамдарға қол жеткізе алса онда бұл реткі Глазгодағы айтулы жиынның мәнді болғаны.

qazaqtimes