$ 494.87  520.65  4.91

Педофил қаршадай қызға айтуға ауыз бармайтын әрекет жасаған

7 жыл азғындық істеген өгей әке қазір қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атыраулық әйелмен көңіл қосқан алматылық ер адам өзінің өгей қызын жеті жылдан астам уақыт зорлап келген. Үйде ешкім жоқ кезде, қызға зорлық көрсетіп, айтуға ауыз бармайтын азғындық әрекет істеген. Балалық шағы қор болған қыздың анасымен Express Qazaqstan тілшісі тілдесіп, мән-жайды білді.

Бір қызы бар атыраулық әйел еліміздегі компаниялардың бірінде жұмыс істейтін алматылыққа екінші рет күйеуге шығып, көңіл жарастырады, Алайда күйеуі әйелін ұрып соғып, қамқор әкені күткен алты жастағы кішкентай қыз үшін нағыз азапты өмір басталады. Азап пен қорқынышқа толы өмір жеті жылға созылыпты.

Әйелі жұмыста болған кезде, үйде тек әкесі мен өгей қызы ғана қалатын. Өгей әке арам пиғылын осы уақытта іске асырса керек.

Маған да, қызыма да қол көтеруді шығарды. Қызым жылағанымды көрмесін деп, басқа бөлмеде тығылып отыратын болдым. Ажырасып кетсем, елдің сөзіне қалатын едім. Өйткені сол кезде екінші рет аяғым ауыр болатын,

—дейді қорлық көрген әйел.

Өгей әке қызды өз атыма саламын, олай болмаса өзінің туған әкесіне беріп жіберемін, — деп қорқытқан көрінеді. "Туған әкесіндей қамқор боламын" деп уәде берген өгей әке, сөзінде тұрмай, қызға жөн-жосықсыз ұрысуын, тіпті қол көтеруін қоймаған.

Қызым менің қасыма жақындамайтын болды. Ол қатты өзгеріп кетті. Өгей әкесі оған өлең айтуға және тыңдауға тиым салды. Мен ешқандай қарсылық білдіре алмадым,

—дейді әйел көзіне жас алып.

Әйелдің айтуынша, қайын атасының да оғаш әрекеттерін байқаған. 64 жастағы қайын атасы келінінің көзінше еш қымсынбай үйде іш киіммен еркін жүреді екен. Тіпті келіні ұйықтап жатқан тұста оған телміре қарап тұрғанын талай байқапты. Ал, әкесінің бұл ісіне баласы ауыз ашпайтын көрінеді.

— Есікті құлыптап ұйықтайтын болдым. Бірақ осы үшін айқай-шу болды. Тіпті кішкентай баланы емізіп жатқанда да, бөлмеге кіріп келіп, омырауыма қарап отыратын. Теледидарды даңғырлатып қойып, іш киіммен жатқанда, жыныс мүшесі көрініп тұратын. Бірақ сондада жата беретін болды. Әдейі мүшесін көрсетіп жүретін еді. Мұны көріп жағамды ұстадым, —дейді әйел.

Үйде ешкім жоқ кезде өгей әкесі арам пиғылын іске асыра берген. Алғаш рет әйел жұмыста болған кезде, өгей әке жуынатын бөлмеге кіріп, жыныс мүшесін кішкентай қыздың ауызына салған. Кейін оның ауызына өзінің шауһатын ағызып, тіс щеткасымен ауызын жуып тастаған. Айтуға ауыз бармайтын ісін бірнеше рет қайталаған. Осы уақытта өгей әкенің туған ағасы өз қызын зорлағаны үшін сотталып жатқан болатын.

— Шыдамым таусылып, ажырасуға арыз жаздым. Содан соң, қызымды шақырып алып, өгей әкесі оның қасына жалаңаш жатқандағы оқиғаны есіне түсірдім. Оған не болса да оны қолдайтынымды, қорғайтынымды айттым. Осы кезде қызым қатты жылап жіберіп, не болғанын айтып берді. 2013 жылдан бастап қызыма зорлық көрсеткен. Мүшесін қызымның аузына салып, қинаған. Қызым жаман нәрсенің шыққанын айтты. Әке сымақты өлтіруге дайын болдым. Бірнеше рет қызымды жатқызып, мүшесін жалаған, — деді күрсінген қыздың анасы.

7 жыл азғындық істеген өгей әке қазір қамауға алынды. Әйел арыз жазғаннан кейін де, қылмыстық іс қаралмай, тек қоғамдық резонанстан кейін ғана, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда оның туыстары, тіпті кейде өзі де қоңырау шалып, әйелді қорқытуын жалғастырып келеді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары