$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандықтардың шығыны артып жатыр

Осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен халықтың ақшалай шығындары бір адамға шаққанда 197,6 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5% көп.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Осы жылдың екінші тоқсанында орташа есеппен халықтың ақшалай шығындары бір адамға шаққанда 197,6 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,5% көп, деп хабарлайды finprom.kz.
 
Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы бұл шығындар 166,7 мың теңгені құрады, бір жылда 4,8% артып отыр.
 
Бұл ретте азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындар – 12%, азық-түліктік емес тауарларына – 24%, ақылы қызметтер шығындары 35% ұлғайды.
 
Өңірлік бөліністе ең көп шығын Алматыда тіркелді: жан басына шаққанда 275,5 мың теңгені құраған, жылдық өсім — бір жылда 17,7%. Ақшаны ең көп жаратқан өңірлер арасында Қарағанды (247,2 мың теңге, жылына 22%) және Павлодар (237,3 мың теңге, плюс 30%) облыстары да атап өтілді.
 
Табысын ең аз жұмсаған Түркістан облысының тұрғындары: 133,7 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 25% көп.
 
Шығындардың негізгі бөлігі — 92,7% - халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге жұмсалған: 183,2 мың теңге, бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,6% көп. Оның ішінде 105,6 мың теңге азық-түлік тауарларына, 45,2 мың теңге азық-түлік емес тауарларға, 32,4 мың теңге ақылы қызметтерге кетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары