Якутск-Иркутск бағытында ұшқан Ан-12 әуе көлігі қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ТАСС басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақтың апатқа ұшыраған жері табылды. "Бұл аэродромнан алыс емес Пивовариха ауылының маңы. Қонатын кезде ұшақ екінші шеңберге шығып, радардан жоғалып кетті, - делінген хабарламада.
Әуе көлігі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:50-де радардан жоғалып кеткен. Экипаж айналатыны туралы хабарлаған, содан кейін байланыс үзілді.
Ұшақ Белоруссияның "Гродно" әуе компаниясына тиесілі. Соңғы мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған әуе көлігі транзиттік рейспен азық-түлік тасымалдаған.
Төтенше жағдайға ауа райының қолайсыздығы мен техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам қаза тапты. Олар Беларуссия, Ресей және Украина азаматтары.
Қаза тапқандардың бесеуінің мәйіті табылды.