Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының арнайы қонақтарының қатарында жүрген, атышулы “Дикий” Арман деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев жарыстан шығып қалған боксшыларымызға 2 мың доллардан берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан байқағанымыз бойынша, жартылай финалға жетпей жеңілген әрбір боксшыға аталған мөлшерде сыйақы үлестірілген. Олардың қатарында Асланбек Шымбергенов (71 келі), Бек Нұрмағанбет (86 келі), Нұрлан Сапарбай (+92 келі), Айбек (92 келі) және Нұрбек Оралбайлар (80 келі), Саматәлі (60 келі) және Санатәлі (63,5 келі) Төлтаевтар, Нұрқанат Райыс (75 келі) бар.
Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатының жартылай финалында бес боксшы шаршы алаңға шығады. Біріншілік 6 қарашаға дейін жалғасады.