$ 494.87  520.65  4.91

«Сонда билік не үшін?»: Тоқаев дизель тапшылығына орай Үкіметті сынға алды

Президент Үкіметті жауапкершілікті өз мойнына алып, осы сұраққа жауап беруге шақырды.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дизель отынының жетіспеушілігі жайлы пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазан айында елімізде дизель отының жетіспеушілігі байқалды. Оны қолдан жасады деуге болады. Бұл жағдай дизель бағасының өсуіне ғана емес, транспорттық компаниялар, ҚТЖ жұмысында проблемалардың туындауына себеп болды. Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етуге кедергі келтірді, - деді Тоқаев Екібастұздағы кеңесте. 

Президент айтып өткендей, мұнай өңдеу көлемі өскенімен, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының жетілдірілуіне қарамастан, Үкімет және "Самрұқ-Қазына" қоры бірлесе отырып, мұнай өнімдері жетіспеушілігінің алдын ала алмаған. 

Мемлекеттік материалдық қор мен Төтенше жағдайлар министрлігінің инфрақұрылымы неліктен іске қосылмағаны түсініксіз. Мемлекеттік қорда 50 мың тонна дизель отынын сақтауға болады. Бұл қиын кезеңнен баға өсімінсіз және тапшылықсыз өтуге жеткілікті.

Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру сапасы жайлы бірінші рет айтып отырған жоқпыз. Зауыттарды жетілдіру үшін 2 трлн теңге бөлінсе де, неліктен зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылады? Бұл – жауап беруді қажет ететін қызықты сұрақ, - деді Президент. 

Президент Үкіметті жауапкершілікті өз мойнына алып, осы сұраққа жауап беруге шақырды.

Егер мәселе тариф және баға өсіміне келсек, Үкімет тұрғындарға мұның халықаралық нарықты есепке ала отырып жасалғанын ашық жариялауы керек. Тағы да айтамын, Үкімет өзіне осындай жауапкершілікті алуға міндетті. Сонда билік не үшін? Бізде басқа органдар жоқ. Сондықтан маған шешімнің бірнеше нұсқасын көрсетіңіздер, өйткені бұл нақты жауапты қажет етеді. Әйтпесе еліміз мұндай мәселеге тағы да тап болуы мүмкін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент мемлекеттің мұнай өнімдері бағасын реттеуден бас тартқанын да айтты. Алайда, оның сөзінше, бұл бағаны өз бетімен жіберу керектігін білдірмейді екен.

Егер нарық халық үшін емес, өзі үшін жұмыс істесе, бағаны реттеуді қайтару керек шығар. Мен Президент Әкімшілігіне тапшылық байқалған сәтте оның себептерін анықтауға және саланы реформалау бойынша жүйелі іс-шараларды ұсынуға, қажет кезде құқық қорғау органдарын жұмылдыруға тапсырамын, - деп қорытындылады Тоқаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары