$ 498.34  519.72  4.85

15 градусқа дейін аяз: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және жайма-шуақ ауа райы қалыптасады.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, демалыс күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құрғақ және жайма-шуақ ауа райы қалыптасады. Бұл ретте антициклон температураның біртіндеп көтерілу үрдісін сақтап қалады. Тек 7-8 қарашада Солтүстік-Батыс циклон әсерінен Қазақстанның батыс өңірлеріне жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

"Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және республиканың шығысында ауа температурасы түнде 3-11 градус, күндіз 1-8 градус жылы, еліміздің оңтүстігінде түнде 1-10 градус, күндіз 3-12 градус жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-15 градус, күндіз 3 градус аяз - 8 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы #аяз