05.11.2021, 16:40

Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді

фото: tengrinews.kz
Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады. Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан ары дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.