Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында бүгін Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Теміртас Жүсіпов 48 келіде таиландтық Вуттичай Юрачаймен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер шешімімен 3:2 есебімен қазақстандық боксшысының басымдығымен аяқталды. Екінші раундта төрешілер түгелдей Теміртастың жеңгеніне қолдау білдірді.
Жалпы нәтижеде ол жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, бүгін финалда Махмуд Сабырхан (54 келі) жапониялық Томоя Цубоимен шеберлік байқасады. Айта кетсек, 6 қарашада Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов (57 келі) алтын жүлдеге таласады. Ал ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді. Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді. Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.