$ 494.87  520.65  4.91

«Қуып жүріп ұрған едім»: Финалда жеңіліс тапқан Махмұд Сабырхан көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Сондай-ақ, ол бұл жеңілісі үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, алдағы әлемдік додаларда алтын алуға уәде береді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бокстан әлем чемпионатының финалында жапондық боксшыдан ұтылған Махмұд Сабырхан журналистерге берген сұхбат кезінде көз жасына ерік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 жастағы шымкенттік боксшы ақтық сында жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылған болатын.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта Махмұд көз жасына ерік беріп, әлем чемпионатына тек жеңіс үшін келгенін айтқан.

Сондай-ақ, ол бұл жеңілісі үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, алдағы әлемдік додаларда алтын алуға уәде береді.

Айта кетелік, бұл Махмұд қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары