$ 494.87  520.65  4.91

Елордада такси жүргізушісі ұйықтап жатқан жолаушының алтын сағатын шешіп алған

Содан кейін оны көліктен түсіріп, кетіп қалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі салонда ұйықтап қалған жолаушының алтын сағатын шешіп алған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Елорда тұрғыны қонақтан мас күйде үйіне қайтқанда құны 550 мың теңге тұратын "Яшма" маркалы алтын сағатын жоғалтып алғанын айтып, полицияға арыз түсірген.

"Түнде ер адам Toyota Camry көлігін тоқтатып, такси жүргізушісімен баратын жерін келіскен. Ол артқы жолаушы орындығына отырып, жолда ұйықтап қалған. Белгіленген орынға жеткенде жүргізуші ер адамды оята бастаған. Сол кезде ол жолаушының білегіндегі алтын сағатты көріп, шешіп, қалтасына салып алған", - деді полиция баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адамды оятқан жүргізуші оны көліктен түсіріп, кетіп қалған. Үйіне келіп, сағаты жоғалғанын білген жәбірленуші полицияға хабарласқан.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 40 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақтар алынды, оның бұрын елордада тіркелген осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді", - деп қорытындылады ведомстводағылар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары