$ 444.22  476.38  4.82

Екінші алтын: Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы. 

51 келіге дейінгі салмақта Сәкен әлем чемпионатының алтын медалін америкалық Роско Хиллмен сарапқа салды. Қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. 

Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңген. Ал оның алдында өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан, үндістандық Дипактан, колумбиялық Ривас Мартинестен басым түскен. 

Бұл - Қазақстан құрамасының Белградтағы әлем чемпионатында алған екінші "алтыны". Бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов биыл Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола медаль алған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары